дүйсенбі, 25 қараша, 2024 19:09

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Су тасқынынан зардап шеккендер үшін салынатын үйдің шаршы метрі 281 мың теңге болады

Су тасқынынан зардап шеккендер үшін салынатын үйдің шаршы метрі 281 мың теңге болады
Сурет ашық дереккөзден алынды
Әзірге төтенше жағдайдан бүлінген үйлердің саны белгісіз. Әкімдіктер бүкіл ақпаратты жинап, тапсырғаннан кейін тиісті қаражат бөлінеді

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев су басудың салдарынан жарамсыз болып қалған үйлердің орнына салынатын баспаналардың бір шаршы метрі қанша болатынын айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 


Министр әкімдіктер су басқан үйлер туралы ақпаратты жинап жатқанын атап өтті. Сол ақпарат негізінде, алдымен, жергілікті атқарушы органдардың бюджетінен, сосын республикалық бюджеттен қаражат бөлінеді. 


«Қазіргі таңда ірілендірілген сметалық норма бойынша біз бір үйдің бағасын 22 миллион теңге деп бекіттік. Бір-екі пәтерлі 80 шаршы метрлік үйлер болады. Бір шаршы метр 281 мың теңгені құрайды. Жаңа үйлер тұрғызу қажет болса, қаражатты осы бағасымен жұмсаймыз», деп түсіндірді Шарлапаев үкіметте өткен баспасөз мәслихатында. 


Ал төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов өңірлерде құрылған комиссиялар жаңа үйлер қай жерге салынатынын шешетінін мәлімдеді. 


Шенеунік жаңа үйлер су басу қаупі төнбейтін жерлерде салынуы керек деп пайымдайды.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар