Су тасқынынан зардап шеккендер үшін салынатын үйдің шаршы метрі 281 мың теңге болады
Әзірге төтенше жағдайдан бүлінген үйлердің саны белгісіз. Әкімдіктер бүкіл ақпаратты жинап, тапсырғаннан кейін тиісті қаражат бөлінеді
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев су басудың салдарынан жарамсыз болып қалған үйлердің орнына салынатын баспаналардың бір шаршы метрі қанша болатынын айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Министр әкімдіктер су басқан үйлер туралы ақпаратты жинап жатқанын атап өтті. Сол ақпарат негізінде, алдымен, жергілікті атқарушы органдардың бюджетінен, сосын республикалық бюджеттен қаражат бөлінеді.
Ал төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов өңірлерде құрылған комиссиялар жаңа үйлер қай жерге салынатынын шешетінін мәлімдеді.
Шенеунік жаңа үйлер су басу қаупі төнбейтін жерлерде салынуы керек деп пайымдайды.