жұма, 22 қараша, 2024 21:50

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Түрік инвесторлары Жамбылда кальцийлендірілген сода зауытын салуға ниетті

Түрік инвесторлары Жамбылда кальцийлендірілген сода зауытын салуға ниетті
ашық дереккөзі
Түрік инвесторлары Жамбылда кальцийлендірілген сода зауытын салуға ниетті

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Yildirim Holding компаниясының өкілдерімен кездесіп, Сарысу ауданында кальцийлендірілген сода өндіретін зауыт салу жобасын іске асыру барысын талқылады.

Түрік компаниясына қазақстандық нарық таңсық емес. Өңір басшысы осы жылдар ішінде бауырлас халықпен тығыз және достық қарым-қатынас орнағанын атап өтті.

- Инвесторлар негізінен бизнесті дамытуға қолайлы және болашағы бар өңірлерге барады. Осы орайда Мемлекеттік бағдарламалар әзірленген десек, бүгінде олар өздерінің тиімділігін дәлелдей түсуде. Бұл бағдарламалар аясында сіздердің компанияларыңызға да жан-жақты қолдау көрсетілетін болады, - деді Бердібек Сапарбаев.

Yildirim Holding-тің бас директоры Исмаил Джейлан инвестициялық жоба туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Құрылысы келер жылы басталады деп жоспарланған зауыттың жылдық жобалық қуаты 400 мың тоннаны құрайды. Болашақта бұл көрсеткіш жылына 1,2 миллион тоннаға дейін артады деп күтілуде. Нысан құрылысына 325 миллион АҚШ долларын инвестициялау жоспарлануда.

1500-ден астам адам тартылатын құрылыс-монтаждау жұмыстары келесі жылы басталмақ. Жоба 2023 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Ол іске қосылғаннан кейін бюджетке жыл сайын 8 миллион АҚШ доллары мөлшеріндегі салық түсімі түсіп отырмақ. Онда 250 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Кәсіпкер кәсіпорынға жергілікті мамандардың тартылатынына сендірді.​ Ол Қазақстан аумағында жүзеге асырылған басқа да жобаларды мысалға келтірді.

 width=

- Зауыт құрылысы басталмай тұрып​және оның ашылуына дейін қандай мамандар қажет екенін саралап, оларды оқыту мен дайындауды бүгіннен қолға алу керек, - деді аймақ басшысы.

Бердібек Сапарбаев инвесторларға ішкі және сыртқы нарықтағы содаға деген сұранысты зерделеп алудын маңыздылығын жеткізді.

- Өндірілген өнім сұранысқа ие болуы тиіс, - деп атап өтті облыс әкімі.

Исмаил Джейлан өнім тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар әлемдік нарықта да сұранысқа ие болатынына сендірді. Серіктестер бұл іске кальцийленген сода өндірісінде қолданылатын жаңа технологияларды тартуға ниетті.

Сонымен қатар, заманауи өндіріс толығымен қалдықсыз жүйеде жұмыс жасамақ. Қалдықтар қайта өңделетін болады.

Кездесу барысында инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселелері және жобаны жүзеге асыруға қатысты басқа аспектілер сараланды.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар