Талас ауданында бөлшек сауда тауар айналымы 111,5% өсті
- авторjambylinfo.kz
- 4 қыркүйек, 2020
- 262
Талас ауданында ағымдағы жылы бөлшек сауда тауар айналымы 1 млрд. 117 млн. 700 мыңтеңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 111,5%-ға ұлғайған. Нақты көлем индексі 104,8 пайызды құрады.
Аймақта аудан әкімінің қаулысымен 24 мүшеден құралған аудандық штаб құрылған. Ағымдағы жылы 10 аудандық штаб отырыстары өткізіліп, хаттамалар негізінде тиісті тапсырмалар берілді. Ауданда негізгі азық-түлік тауарларының 19 атауы негізгі азық-түлік емес тауарларының 53 атауы бойынша күнделікті мониторинг жүргізіліп, 2020 жылдың тауарларының бағасы ІІІ-тоқсандағы шекті бағалармен салыстырылады.
Осыған сәйкес, IІI-тоқсандағы шекті бағамен 20 шілдедегі баға қорытындысы бойынша 2 тауар қымбаттаған , жұмыртқа (44 теңгеге, 17,2%-ға), картоп (68 теңгеге 82,9%-ға) қалған 17 тауарлар бағасы тұрақты деңгейде.
Себебі, Тараз қаласындағы орталасқан «Ауыл береке» базарында көкөністердің көтерме сауда бағасы қымбаттауына және ұн тауарын алып келіп жатқан фирмалардың көтерме бағаларының көтеріңкі болуына байланысты болып отыр.
— Қаратау қаласында 7 наубайхана (Анель, Березка, Диана, Амир, Ләззат, Рахат және Қайсар) жұмыс істейді. Ауданда күнделікті орташа есеппен 6500 бөлке нан шығарылады. Бүгінгі күнге бірінші сұрыпты ұнның 1 кг бағасы 146 теңге аралығында болып отыр. Қазіргі таңда, сауда дүкендерінде 1 бөлке нан 83-90 теңгеден сатылуда, — дейді аудан әкімі.
zhambylnews.kzjambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Нарықта доллар, еуро мен рубльдің бағамы қандай болып тұр
- авторМағжан Орынбасар
- 20 желтоқсан, 2024