Экономика

«Теңге құлдырады». Бағам бір айда бес пайыздан аса мөлшерде төмендеді

Бір доллар 471,84 теңге деңгейінде

ҚР Ұлттық Банкі валюта нарығындағы ахуал және теңге бағамындағы ахуал туралы есеп берді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ұлттық банктің мәліметінше, маусым айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 5,5 % — ға, яғни бір доллар үшін 471,84 теңге деңгейіне дейін әлсіреді. 
KASE — дегі сауда-саттықтың орташа тәуліктік көлемі де 251-ден 183 млн долларға дейін 30% - ға төмендеген. Ал, сауда-саттықтың жалпы көлемі 3,7 млрд долларды құрады. Маусым айында Ұлттық қор республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін 420 млн доллар сатты. Бұл сатылымдар жалпы сауда көлемінің 11% құрады.
 БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін қолдау үшін Ұлттық Банк валютаны — 293 млн долларды сатып алды. Болжамы бойынша шілде айында Ұлттық банк Ұлттық қордан 450-550 млн доллар сатпақ.  Сонымен қатар, БЖЗҚ активтерінің валюталық үлесін ұстап тұру үшін 250-350 млн доллар сатып алмақ.