Экономика

Тоғызкенттіктер қауынқақ өндірісін дамытуда

Тоғызкенттіктер қауынқақ өндірісін дамытуда

Сарысу ауданындағы Тоғызкент ауылы өзінің бал татитын қауын-қарбызымен белгілі. Биыл аталған елдімекенде  тәтті дақылды 120 отбасы еккен. Егілген жер көлемі 30 гектарды құрайды, – деп хабарлайды "Jambylinfo" ақпарат агенттігі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жергілікті диқандар негізінен қара қауын, Кенжебай , басылбалды, торлама қауындары және бархан қарбызын еккен. Оның ішінде, қара қауын ұзындығы 1 метрге дейін өсіп, 10-15 келіге дейін салмақ береді. Қара қауынның іші қызыл болады, сатылымға, қауынқақ, қауынқұрт жасауға арналып егіледі.

2019 жылы "Божбанова"  жеке кәсіпкерлігі «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында қайтарымсыз грант алған болатын. Аталған қаражатқа кәсіпкер қауынқақ кептіретін құрылғы сатып алып, қауынқақ цехын ашуда. Жалпы, егістің бұл түрінен экономикалық тиімділігі отбасына 1 маусымда түсетін орташа табыс көлемі - 450 мың теңгені құрайды. Оның ішінде таза пайда - 400 мың теңге.

Қазіргі таңда еткен еңбек, төккен терлері жемістері өз нәтижесін беруде. Атап айтатын болсақ қарбыздың келісін 70 теңгеден, қауынның 1 келісін 120 теңгеден өткеруде. Ауылдықтар қауын қақ, қауын құрт жасап өз өнімдерін өздері тұтынып, артығын сатуда. Әсілі, бейнеті мен зейнеті мол диханшылар еңбегі қашанда зор құрметке ие.