Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыс әкімдігі жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының 9 айда атқарған жұмысының нәтижесіне арналған баспасөз конференциясы өтті. Онда аталған басқарма басшысы Әбілхайыр Тамабек мемлекеттік жерді заңсыз иемдену, жер пайдаланушылардың жерді мақсатсыз пайдалануы, жеке немесе жалға алынған жердегі меншік иелерінің коммерциялық жерді пайдаланбауына қатысты тексерулер жүргізілгенін, аудандық әкімдіктер тарапынан заңсыз қабылданған қаулылар мен шешімдер жайын сөз етті.
– Бүгінде облыс көлемінде 73 мың 33 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылып, жалпы жоспар 104 пайызға орындалды. Оның ішінде егістік 5 мың 459 гектарды, жайылым жер 67 мың 574 гектарды құрап отыр. Облыс әкімдігі ветеринария басқармасымен бірлесіп жүргізген зерделеу барысында облыс аумағында 1000 гектардан астам жерге иелік етіп отырған жер пайдаланушыларға тиесілі 400 мың гектарға жуық жайылым жердің игерусіз жатқаны анықталды. Осы бағыттағы жұмыстарды атқару нәтижесінде 11 мың 909 гектар жер қайта ресімделіп жатса, 60 мың гектарды мемлекет меншігіне қайтару бойынша сотқа талап-арыз берілді. Сондай-ақ облыс әкімінің иесі көшіп кеткен немесе қайтыс болған жерлерді иесіз мүлік ретінде есепке алу туралы тапсырмасына сәйкес, Қордай ауданы 559 гектар, Меркі ауданы 1247, Сарысу ауданы 136, Талас ауданы 1193 гектар жерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» акционерлік қоғамының облыстық филиалының аудандық бөлімдеріне иесіз мүлік ретінде есепке алуға жолдаған. Игерілмей жатқан кәсіпкерлік мақсаттағы 187 жер учаскесінің ішінде 107 жер учаскесінің иесі мен пайдаланушылары шағын кәсіпкерлік субъектілер болғандықтан, еліміздегі мораторийге сәйкес, оларға тексеру жүргізу тоқтатылды, – дейді Әбілхайыр Ғалымұлы.
Осы жылы облыс көлемінде жерді өз бетінше иеленіп алған 9 тұлғаға 932 мың 812 теңге айыппұл салынып, 516 мың 112 теңге өндіріліпті. Ал иелігіндегі жерін дұрыс мақсатта пайдаланбаған 4 тұлғаның екеуіне ескерту беріліп, екеуіне айыппұл салынып, қазына қаржысына 20 мың 835 теңге өндірілген. Топырақтың құнарлы қабатын заңсыз сыдырып алып, жерді бүлдірген жеке тұлғадан 13 мың 890 теңге айыппұл өндірілген.
Нұрым СЫРҒАБАЕВjambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Жер кезегінде жылдап тұрғандардың үміті қашан ақталады?
Ұқсас жаңалықтар
Нарықта доллар, еуро мен рубльдің бағамы қандай болып тұр
- авторМағжан Орынбасар
- 20 желтоқсан, 2024