Экономика

Жұмыссыздар саны азаюда

Жұмыссыздар саны азаюда

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында Сарысу ауданында бүгінгі күнге жұмыс сұрап өтініш білдіргендердің саны –2 322, оның ішінен 1 765 ауыл тұрғындары. Қазіргі таңда белсенді шаралармен қамтылған азаматтардың саны 2736, атап айтқанда: - тұрақты жұмыспен қамтылғандары - 1220 (518 Жол картасы) - қоғамдық жұмысқа жолданғандар - 653 - Жастар практикасы- 238 - Мемлекеттік грант алғандар - 200 - «Бастау бизнес» кәсіпкерлікке оқыту - 144 - Әлеуметтік жұмыс орындарына- 134 - Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға - 131 - Шағын несие алғандар - 16 Есепті кезеңде 927 жұмыссыз азамат есепте тұр. Оның ішінде ауыл тұрғыны - 718 адам.