сенбі, 23 қараша, 2024 10:44

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жәрмеңке өтті қалада, өнімдері төмен бағада

Жәрмеңке өтті қалада, өнімдері төмен бағада
ашық дереккөзі
Жәрмеңке өтті қалада, өнімдері төмен бағада
Апта сайын Тараз қаласындағы белгіленген нысандарда (Алатау м.а «Sulpak» сауда орталығының маңы; Коммуналдық базар; «Grand Passage» сауда кешенінің алаңы; Қант зауыты аумағындағы аллея;) өткізіліп жатқан ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне бұл жолы Жуалы, Сарысу, Меркі, Байзақ, Т.Рысқұлов, Шу, Жамбыл аудандары мен Тараз қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің және тұрақтандыру қорының өнімдері жеткізілді. Жәрмеңке барысында 124,6 млн. теңгені құрайтын 99,5 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары нарық бағасынан 10-20 пайызға төмен бағамен өткерілді. Мәселен, жылқы еті - 1900, сиыр еті - 1800, тауық еті – 750 теңге, сүт өнімдері түрлеріне қарай 170-220 теңге және жеміс- жидек пен көкөкөніс өнімдері 50-250 теңге аралығында саудаланды. Тараз қаласының төрт нүктесінде өткізілген жәрмеңкеге облыс әкімінің орынбасары Берік Нығмашев арнайы келіп, тауарлардың сапасы мен қойылған бағалардың тұрақтылығын бақылады. Жалпы жәрмеңкеде 12,2 тонна ет (жылқы, сиыр, қой және тауық еті), 1,5 тонна шұжық өнімдері, 2,5 тонна сүт өнімдері, 5 мың дана жұмыртқа, 0,2 тонна кондитерлік өнімдер мен 2,2 тонна макарон өнімдері, 0,3 тонна тұз, 0,3 тонна балық, 1,0 тонна бал және 74,2 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері ұсынылды. Айта кету керек, жәрмеңке қазан айының соңына дейін жалғасатын болады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар