Жаңа Салық кодексі: бюджетке 3,5 трлн теңге түсім күтілуде
Бұл туралы Үкімет мәлім етті
Депутаттардың сұрағына жауап бере отырып, Парламент палаталарының бірлескен отырысында ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин бюджетке қосымша түсімдер бойынша күтіліп отырған көрсеткіштерді таныстырды.
Оның айтуынша, қосымша түсімдердің негізгі көздеріне ҚҚС мөлшерлемесін 12%-дан 16%-ға дейін арттыру, банктер үшін корпоративтік табыс салығын 25%-ға дейін ұлғайту, алкоголь, темекі және бензинге акциздердің өсуі, сондай-ақ салық жеңілдіктерінің қысқаруы кіреді.