жексенбі, 7 шілде, 2024 9:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жаңатаста 47 жоба аяқталды

Жаңатаста 47 жоба аяқталды
ашық дереккөзі
Жаңатаста 47 жоба аяқталды
Жыл басынан қаламыздың сәулеттік келбетін жақсартуға бағытталған игі шаралар жалғасын тапты. Жаңатас қала әкімдігі аппаратының тарапынан бүгінгі күнде 325 млн. теңгеге 47 жоба аяқталды. 3 көшеге және шағын аудандағы 2 жолға жаяу жүргіншілер жолы салынды. Коммуналдық меншіктегі 8 үйге көше жарықтары орнатылып, 5 үйдің сыртқы беті қапталды. 3 көшенің жарықшамдары ауыстырылды. Саябақтар мен жасыл белдеулерге және орталық көше бойына суғару жүйелері орнатылды. Қойгелді көшесінің соңындағы көпір қайта қалпына келтірілді Орталық базар аумағында жаяу жүргіншілер жолы салынды. Қала аумағындағы 12 баспалдақ қайта қалпына келтірілді. 2 жерге балалар ойын алаңшалары соғылды. 1 шағын аудан №22 үйдің алды аббатандырылды. Қаланың кіре беріс жеріне ауданның төлқұжаты орнатылды. Жібек жолы көшесі бойына 2 автотұрақ соғылды. Бұрынғы ЖБИ аумағына жаяу жүргіншілер жолы салынып, жарықтандырылды. Демеушілер тарапынан 19,0 млн теңгеге «Ынтымақ» аллеясын аббатандыру жұмыстары жалғасын тапты. Оған қоса, үстіміздегі жылы қаламыздағы 139 млн 905 мың теңгеге ұзындығы 8 км болатын 11 көше орта жөндеуден өткізілді. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 4 нысанның құрылысы жүргізілуде. Бағдарлама аясында орталық көше жолдарының бойына бардюрлер қойылып, арық науалары орнатылуда. Қаладағы 13 аркаға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, 3 шағын ауданға балалар ойын алаңшасы, дене-шынықтыру мен стрит-воркаут құрылғылары соғылды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар