Жаңатаста бағаны тұрақтандыру шаралары жалғасуда
Ағымдағы жылдың 22 тамызы күні аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің ұйымдастыруымен Жаңатас қаласының орталық базарының аумағында негізгі азық-түлік бағаларының өсуіне жол бермей мақсатында төмендетілген бағада "Жылжымалы Азық-Түлік" тауарлары халыққа ұсынылды. Тауарлар жеке кәсіпкерлер Нұрғазы Аль-асад пен Сағындықовалардың қолдауымен Тараз қаласындағы көтерме нүктелермен және тұрақтандыру қорымен келіссөздер жүргізу арқылы жеткізілді.
Халыққа жеміс-жидектің, көкөністің барлық түрі, одан бөлек сары май, қаймақ, сүт, күнбағыс майы, тауық еті сияқты негізгі азық түрлері де ұсынылды.
Соның ішінде:
Картоп 6,5 тонна жеткізіліп 80-90 теңгеден, пияз 1.5 тн жеткізіліп 60-65 теңгеден, сәбіз 1,2 тонна жеткізіліп 90-110 теңгеден, қырыққабат 0,4 тонна жеткізіліп 80 теңгеден сатылуда.
Жалпы, Тұрақтандыру қоры арқылы алынған төмендетілген бағадағы тауарларды Жаңатас қаласы бойынша 6 дүкенде ашылған "Әлеуметтік Бұрыштардан" алуға мүмкіндік бар.
Бұл жұмыстар жалғасатын болады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Пилоттық жоба Сарысуда сәтті жүзеге асуда
Ұқсас жаңалықтар
Экономика
Нарықта доллар, еуро мен рубльдің бағамы қандай болып тұр
- авторМағжан Орынбасар
- 20 желтоқсан, 2024
Экономика
Ақша айырбастау пункттерінде доллар 520 — 527 теңгеден саудаланып жатыр
- авторМағжан Орынбасар
- 17 желтоқсан, 2024