Экономика

Жаңатаста бағаны тұрақтандыру шаралары жалғасуда

The final spritzer

Жаңатаста бағаны тұрақтандыру шаралары жалғасуда

Ағымдағы жылдың 22 тамызы күні аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің ұйымдастыруымен Жаңатас қаласының орталық базарының аумағында негізгі азық-түлік бағаларының өсуіне жол бермей мақсатында төмендетілген бағада "Жылжымалы Азық-Түлік" тауарлары халыққа ұсынылды. Тауарлар жеке кәсіпкерлер Нұрғазы Аль-асад пен Сағындықовалардың қолдауымен Тараз қаласындағы көтерме нүктелермен және тұрақтандыру қорымен келіссөздер жүргізу арқылы жеткізілді. Халыққа жеміс-жидектің, көкөністің барлық түрі, одан бөлек сары май, қаймақ, сүт, күнбағыс майы, тауық еті сияқты негізгі азық түрлері де ұсынылды. Соның ішінде: Картоп 6,5 тонна жеткізіліп 80-90 теңгеден, пияз 1.5 тн жеткізіліп 60-65 теңгеден, сәбіз 1,2 тонна жеткізіліп 90-110 теңгеден, қырыққабат 0,4 тонна жеткізіліп 80 теңгеден сатылуда. Жалпы, Тұрақтандыру қоры арқылы алынған төмендетілген бағадағы тауарларды Жаңатас қаласы бойынша 6 дүкенде ашылған "Әлеуметтік Бұрыштардан" алуға мүмкіндік бар. Бұл жұмыстар жалғасатын болады.