Экономика
Жамбыл облысы мен «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС ынтымақтастықты жандандыруда
- авторjambylinfo.kz
- 15 тамыз, 2020
- 269
Жамбыл облысы мен «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС ынтымақтастықты жандандыруда
«Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС Бас директоры Нұржан Әбдімомынов жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді. Компания басшысы бірқатар өндірістік нысандарды аралап, «Бурное» күн электр станциясын және «Тараз химиялық паркі» АЭА-да болды.
Қуаттылығы 100 МВт болатын станыияны “СКУГ” бірлескен кәсіпорны басқарады (49% «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС, 51% британдық United Green компаниясына тиесілі). Бұл - Қазақстан Республикасындағы баламалы энергетика саласындағы алғашқы сәтті жобалардың бірі. Станция іске қосылғаннан бері электр энергиясын өндіру жоспарын асыра орындады десек, бүгінге дейін 580 млн. кВт/с.-тан астам қуат өндірілген.
Сондай-ақ, Нұржан Әбдімомынов облыс басшылығымен бірқатар кездесулер өткізді. Кездесулерде Жамбыл облысында азық-түлік, ауылшаруашылық өнімдері, химия өнеркәсібі саласындағы бірлескен жобалардың жүзеге асырылу барысы талқыланды.
Өңірге инвестиция тартуды арттыру мақсатында облыс әкімдігі «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС-не жалпы құны 343,2 млрд. теңге болатын 23 жоба бойынша материалдарды ж
ұсынды.
Сондай-ақ, облыс әкімдігі мен «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, оның аясында тараптар жақын арада пысықталған бірнеше жобаны анықтап, әлеуетті инвесторлармен жұмысты бастауға келісті.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Тараздың мектептері жаңа оқу жылына дайын ба?
Ұқсас жаңалықтар
Экономика
Ақша айырбастау пункттерінде доллар 520 — 527 теңгеден саудаланып жатыр
- авторМағжан Орынбасар
- 17 желтоқсан, 2024