жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 4:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл жерінен – Нұр-Сұлтан төріне!

Жамбыл жерінен – Нұр-Сұлтан төріне!
ашық дереккөзі
Жамбыл жерінен – Нұр-Сұлтан төріне!

Кеше облысымыздан Нұр-Сұлтан қаласына азық-түлік өнімдері тиелген автокеруен аттанды. Елордамызда азық-түлік белдеуін құру, өңіраралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында 12-13 қыркүйекте «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығының маңында Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді.

Жәрмеңкеге облысымыздың 10 ауданы мен Тараз қаласының тоқсаннан аса ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші белсене атсалысқан. Облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының айтуынша, жалпы құны 320,1 миллион теңгені құрайтын 287,6 тоннадан астам ауыл шаруашылық өнімдері сатылымға шығарылады. Жәрмеңкеде 42,8 тонна ет (жылқы, сиыр, қой, тауық еті), 5 тонна шұжық, 12,5 тонна сүт өнімдері, 5 мың дана жұмыртқа, 1 тонна кондитерлік, 1,5 тонна макарон өнімдері, 5 тонна қант, 300 келі тұз, 6 тонна балық, 500 келі өсімдік майы, 2,5 тонна бал, 1,5 тонна кептірілген жеміс және 203,9 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері нарық бағасынан 10-20 пайызға арзан бағада сатылады. Жалпы жыл басынан бері ауыл шаруашылығы саласында 155 миллиард 122 миллион теңгенің өнімі өндірілсе, ет өндірісі 2,8 пайызға, сүт өндірісі 1,9 пайызға, жұмыртқа өндірісі 1,7 пайызға артқан.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар