Жамбылда қайтарымсыз гранттар бөлу бойынша конкурс басталды
- авторjambylinfo.kz
- 25 тамыз, 2020
- 399
Тараз қаласында облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы тағайындаған «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасының грантын қаржыландыру тетігіне сәйкес конкурс өтіп жатыр.
Аталған грант аясында өңірге биыл 171 миллион теңге бөлінген. Оның ішінде республикалық бюджеттен 150 миллион, жергілікті бюджеттен 21 миллион теңге қарастырылыпты.
Екі кезең бойынша өтетін конкурстың бүгінгі күні алғашқы кезеңі өтуде. Келесі кезеңі қыркүйек айының 3-13 күндер аралығында ұйымдастырылмақ.
Жалпы аталмыш бағдарлама бойынша бас-аяғы 591 жоба келіп түскен. Нақтырақ айтқанда, Тараз қаласынан – 246, Байзақ ауданынан – 52, Жамбыл ауданынан – 34, Мойынқұм ауданынан – 9, Жуалы ауданынан – 44, Меркі ауданынан – 46, Т.Рысқұлов ауданынан – 34, Қордай ауданынан – 13, Сарысу ауданынан – 64, Талас ауданынан – 27 және Шу ауданынан – 22 жоба қорғалады.
Конкурстың өткізудегі мақсат – мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарды экономиканың басым секторларында шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өтеусіз негізде беру.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
"Пойыз өтіп біткенше жұмысқа кешігеміз"
Ұқсас жаңалықтар
Нарықта доллар, еуро мен рубльдің бағамы қандай болып тұр
- авторМағжан Орынбасар
- 20 желтоқсан, 2024