сейсенбі, 24 желтоқсан, 2024 23:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылдық шаруа ешкі сүтінен сабын жасайды

Жамбылдық шаруа ешкі сүтінен сабын жасайды
ашық дереккөзі
Жамбылдық шаруа ешкі сүтінен сабын жасайды
Жамбыл облысындағы Көкдөнен ауылының тұрғыны Кенжебек Сейдахметов асыл тұқымды ешкі өсірумен айналысуда. Ол карантин кезінде қарап жатпай, ғаламтор арқылы ешкі сүтінен не жасауға болатынын зерделеген. Сөйтіп, үш ай онлайн семинарға қатысып, сабын жасаудың әдісін үйреніп шыққан. Бүлдіршіндерді қызықтыру үшін салмағы 80 грамм болатын балалар сабынын ойыншыққа ұқсатып әзірлепті. Қазір үлкендерге арналған сабын – 700, балаларға арналған сабын 500 теңгеден сатылуда. «Бұл кәсіпке келуімнің өзіндік себебі бар. Мен Алматыдағы, Тараздағы жоғары оқу орындарында сабақ бердім. Тіпті Нұр-Сұлтан қаласында да лауазымды қызмет атқардым. Алайда аяқ астынан ауырып, инсульт алып қалдым. Сол кеселімнен ешкінің сүтін ішіп емделіп, тәуір болған соң осы кәсіпке бет бұрдым», – деген Кенжебек өсірген ешкілерінің сүтіне сұраныс жоғары екенін де айтты. Тіпті есігінің алдынан сатып алып кететіндер да бар екен. Үйінен құрт, ірімшік, сүзбе үзілмейді. Ол былтыр «Атамекен» кәсіпкерлік палатасынан 4 млн теңге несие алып, 20 асыл тұқымды ешкі сатып алған. Биыл сол ешкілер алпысқа жетіпті. 6 пайызбен алған несиесін 5 жыл ішінде қайтарады. Қазір Кенжебек өзге әріптестерімен бірге асыл тұқымды ешкіге субсидия төленсе деген мәселені көтеріп жүр. «Ешкі сүтінің өзі – ем. Ал мен оған неше түрлі пайдалы қоспа майлар қосамын. Бұл сабынды қолыңа жағып, 4-5 минуттан соң ғана жуу қажет. Бет жарылғанда жақсаң, бірден әсер етеді. Еш химиялық қоспасы жоқ. Таза табиғи өнім, бағасы да соған лайық. Осылайша ешкі сүтінен сабын жасауға қол жеткізіп отырмыз. Мемлекеттен қолдау болса, ешкі өсірумен айналысқысы келетін жастарды тәрбиелер едім», – дейді К.Сейдахметов. Қазір шаруаның қорасында голландиялық «Заннин», пәкістандық «Биттал» тұқымды етті және сүтті ешкілер өсуде. Тәулігіне 25 литр сүт беретін «Биттал» тұқымды бір ешкінің құны – 1,5 мың доллар немесе 600 мың теңге шамасында. Ал, «Заннин» тәулігіне 5 литр сүт береді. Ешкі сүтінің бір литрі – 400 теңге. «Испаниядан әкелінген асыл тұқымды ешкілерім де бар. Бұл ешкінің құны – 370 мың теңге. Мал азығына кететін шығын көп емес. Мәселен, алпыс ешкінің алты ай қыстан шығуына 500 түк жоңышқа, 3 тонна бидай жетіп жатыр. Жылына 3-4 мәрте төлдейтін «Романский», ауғанстандық «Вагир» тұқымды қойларды да өсірудеміз. «Вагир» тұқымды екі айлық қозы 200 мың теңге тұрады. Бабы келіссе, бұл қойдың еті 145 килограмм тартады», – дейді шаруа. inform.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар