Жамбылдық шаруалар 7 айда 98 млрд. теңгенің өнімін өндірді
- авторjambylinfo.kz
- 14 тамыз, 2020
- 411
Аймақта ағымдағы жылдың 7 айында ауыл шаруашылығы саласында 98 млрд. 195,3 млн. теңгенің өнімі өндірілді, - деп хабарлайды "Jambylinfo" ақпарат агенттігі Жамбыл облысы әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған соманың ішінде егін шаруашылығына- 19 млрд. 214,4 млн. теңге, мал шаруашылығына - 78 млрд. 837,4 млн. теңгенің өнімі тиесілі. Сонымен қатар, ет өндірісі - 2,2 пайыз, сүт өндірісі - 1,9 пайыз, жұмыртқа өндірісі - 1,5 пайыз артса, облыстағы МІҚ саны - 7,6, қой мен ешкі саны - 4,8, жылқы - 9,6 және құс саны - 12,2 пайызға өсіп отыр.
Сондай-ақ, ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 19,5 млрд. теңге инвестиция салынып, өткен жылмен салыстырғанда 106 пайызға артса, тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған инвестиция 1,4 млрд. теңгені құрады.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз