сейсенбі, 24 желтоқсан, 2024 0:01

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылдықтар жәрмеңкеге дән риза болды

Жамбылдықтар жәрмеңкеге дән риза болды
ашық дереккөзі
Жамбылдықтар жәрмеңкеге дән риза болды
Саудаға делдал араласса, баға шарықтайтыны анық. Ал, бұған шектеу қоюдың жалғыз жолы – ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін жүйелі ұйымдастыру. Сондықтан облыс әкімдігі мен ауыл шаруашылығы басқармасы апта сайын облыс орталығында жәрмеңке өткізуді қолға алған болатын.
Осыған байланысты Тараз қаласындағы белгіленген нысандарда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп, ондағы тауарлар нарық бағасынан анағұрлым төмен бағамен саудаланды.
Әр сенбі сайын өткізіліп жатқан шараға бұл жолы Жамбыл, Жуалы, Меркі, Т.Рысқұлов, Сарысу, Шу аудандары мен Тараз қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің және тұрақтандыру қорының өнімдері жеткізілді. Жалпы құны 102,9 млн. теңгені құрайтын 76,2 тонна ауыл шаруашылығы тауарларының ішінде 5,4 тонна ет (жылқы, сиыр, қой және тауық еті), 1 тонна шұжық өнімдері, 2,2 тонна сүт өнімдері, 5 мың дана жұмыртқа, 0,2 тонна кондитерлік өнімдер мен 1,7 тонна макарон өнімдері, 0,3 тонна тұз, 0,3 тонна балық, 0,5 тонна бал және 56,9 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері бар.
Жәрмеңкеге облыс әкімінің орынбасары Берік Нығмашев арнайы барып, ұсынылған тауарлардың сапасы мен бағасын бағдарлады. Мәселен, жәрмеңкеде жылқы етінің әр келісі – 1900 теңгеден өткерілсе, сиыр еті - 1800, қой еті - 1750, қант – 190 теңге, макарон өнімдері - 220 теңгеден сатылды. Қолжетімді бағаларға көңілдері толған шаһар тұрғындары ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.
Айта кетейік жәрмеңке қазан айының соңына дейін сенбі күндері апта сайын бекітілген кестеге сәйкес аудандар бөлінісінде өткізіледі.
  Тұңғыш Жанұзақов, облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар