сейсенбі, 16 шілде, 2024 8:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жастарға 1 миллион теңгеге дейін шағын гранттар беріледі

Жастарға 1 миллион теңгеге дейін шағын гранттар беріледі
Сурет ашық дереккөзден алынды
Бүгін Қазақстанның 20-ға жуық өңірінде «Zhas Project» жобасына қатысуға өтініш қабылдау басталды. Жобаға 18-34 жас аралығындағы (қоса алғанда) NEET санатындағы жастар (уақытша жұмыспен қамтылмаған) қатыса алады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

«Zhas Project» жобасы жас қазақстандықтардың мүмкіндігін арттыруға бағытталған. Жастар әлеуметтік және кәсіби бағдарлау бойынша жаңа білім мен дағдыға ие болады. Бизнес құру және жүргізу бойынша кәсіби менторлық қолдау ала алады. Жоба жеңімпаздарының әрқайсысына әлеуметтік бастамаларды іске асыру үшін 1 миллион теңгеге дейін шағын гранттар бөлінеді.

Болашақта 280 жоба іске асырылмақ. Өтініштерді қабылдау 24 сәуір сағат 23:59-ға дейін жалғасады. Әр өңір бойынша жобаны басқаратын және өтініш қабылдайтын ҮЕҰ-мен байланыс мәліметтері cisc.kz сайтында, Zhas Project бөлімшесінде көрсетілген.

 

ҚАЙРАТ ӘБСАМАТ

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің курс студенті   

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар