Жеке табыс салығын төлеу тәртібі өзгерді
Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлім етті.
Салық заңнамасындағы өзгерістерге байланысты жеке практикамен айналысатын азаматтар үшін маңызды мерзімдер жаңартылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Енді 2025 жылдың қаңтар–қыркүйек айлары үшін жеке табыс салығын төлеу тәртібі өзгеріп, декларация тапсыру процесі жаңа ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, ИС СОНО ақпараттық жүйесі кезең-кезеңімен пайдаланудан шығарылып жатқанын назарларыңызға саламыз. Осыған байланысты, 270.00 нысанындағы кірістер мен мүлік туралы декларацияны (бұдан әрі — 270.00 нысаны) Салықтық әкімшілендірудің интеграцияла нған ақпараттық жүйесі (ИСНА) арқылы ұсыну қажет.
Сонымен бірге, жаңартулар толық аяқталғанға дейін Комитет ЖПАА-ға 270.00 нысанындағы декларацияны ИСНА арқылы 2026 жылғы 15 сәуірден кейін тапсыруды ұсынады.
Комитет 2025 жыл үшін 270.00 нысанындағы декларация — 2026 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей тапсырылуы тиіс екенін еске салады.