сенбі, 23 қараша, 2024 7:09

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жуалы ауданында 4 сүт зауыты жұмыс істейді

Жуалы ауданында 4 сүт зауыты жұмыс істейді
ашық дереккөзі
Жуалы ауданында 4 сүт зауыты жұмыс істейді

Бүгінгі таңда Жуалы ауданында 4 бірдей сүт зауыты жұмыс істейді. Олардың бірі-"Мешелова З. Е" өндіріс орны. Қазір мұнда ірімшіктің 15 түрі дайындалады. Бұдан бөлек сулугуни, моцарелла, чечел мен сары май өндіріледі. Болашақта сатылымға сүт пен айран шығарылмақ. Бүгінде тәулігіне 40 тонна сүт өңдеуге қауқарлы зауыттың іргетасы 2010 жылы қаланған. 2015 жылы аудан әкімдігінің тарапынан 1,5 гектар жер беріліп, кәсіпкер "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы арқылы 39 млн теңге несиеге қол жеткізеді. Аталған қаражатқа Болгариядан сүт цехына қажетті құрал жабдықтар алып, ірімшіктің жаңа түрлерін өндіре бастаған.

 width=

- Сұраныс болуы үшін сапаға баса мән беру керек. Жаңа құрылғыларды алған соң технолог мамандарды Украинадан шақыртып, тәжірибе алмастық. Қазір өнімдерімізге сұраныс жоғары. Еліміздің барлық аймақтарына өткереміз. Күз бен қыс маусымында сүт көлемі азаяды, бүгінде 7-8 тонна сүт қабылдап, өңдеп жатырмыз. Ірімшік үшін шикізаттың сапалы болуы маңызды. Біздің аймақ таулы, шөбі мен жемі өте құнарлы, сүті майлы, - дейді кәсіпкер.

Өндіріс орны өткен 9 айдың ішінде 3800 тонна өнім өндірген. Жыл соңына дейін 5 мың тоннаға жеткізу жоспарлануда. "Жуалы сүт өнімдері" деген атаумен сатылымға шығатын ірімшіктер Тараз қаласымен қатар, Нұр -Сұлтан, Алматы, Қарағанды қалаларына өткеріледі. Бүгінгі таңда кәсіпкер 30 млн қаражатқа Ресейден пастерленген сүт және айран дайындауға арналған құрылғылар сатып алыныпты. Жаңа жабдықтарды шикізат көлемі ұлғайғанда іске қосу жоспарланған

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар