«1,5 миллион теңге алып отырған». Елімізде алаяқтықпен айналысқан жалған полицейлер ұсталды
Құзырлы орган 14 күдіктіні ұстады
Елімізде өздерін полиция қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтардан ақша бопсалап, алаяқтық және қылмыстық "қамқорлық көрсетумен" айналысқан жалған полицейлер ұсталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Polisia.kz сайтының жазуынша, қарашада Шымкентте бір топ адам полиция қызметкерлері атын жамылып, "қамқорлығы" үшін ай сайын 1,5 миллион теңге алып отырған.
Дәл сол сияқты Ақтөбеде екі жігіт қаланың екі тұрғынына зорлық-зомбылық көрсетіп, 300 мың теңге алған.
Қонаевта ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Алматы облысының екі тұрғынын ұстаған. Олар өздерін жедел уәкіл ретінде көрсетіп, жәбірленушіден 500 мың теңге бопсалаған. Жалған қызметтік куәліктер, құжаттар және нысанды киім тәркіленді.
Күдіктілер қамауға алынды.