Елімізде
«102» операторына тіл тигізген азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ
- авторМағжан Орынбасар
- 26 шілде, 2024
- 410
Оған бұл ісі үшін 160 АЕК мөлшеріне дейін айыппұл салынады
Ер адам қаладағы дәмханалардың біріне келгенде мас күйінде болған. Ол "102" арнасына қоңырау шалып, ер адам билік өкіліне тіл тигізген, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Құзырлы органның мәлімдеуінше, тұрғынға операторды қорлағаны үшін 160 АЕК мөлшеріне дейін айыппұл салынады. Сонымен қатар, дәл осындай мөлшерде түзеу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылады немесе қырық тәулікке дейін қамауға алынады.
- Полиция азаматтарға полиция қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде олардың заңды әрекеттеріне кедергі келтіргені үшін, сондай-ақ полицейлерді қорлағаны үшін құқық бұзушыларға қылмыстық жауапкершілік жүктелетінін еске салады,- делінген хабарламада.