«12 миллион теңгеге сатпақ болған». Ақтөбенің тұрғыны есірткі тасымалдағаны үшін қамалды
Күдіктіден тәркіленген есірткі құралдарының жалпы салмағы 36 келі болады
Ақтөбе тұрғынынан аса ірі көлемде марихуана тәркіленді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Polisia.kz дерегінше, 12 қаңтарда Ақтөбеде полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар өткізу барысында есірткі заттарын заңсыз сақтады деген күдікпен гараж кооперативінің аумағынан 38 жастағы ер адамды ұстаған.
Тәркіленген есірткі құралдарының жалпы салмағы 36 келі болады. Қара нарықтағы бағасы – 12 миллион теңге. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тергеу жүргізіліп жатыр.