жұма, 5 желтоқсан, 2025 16:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

15 адам қыз алып қашу дерегі бойынша тергеліп жатыр

15 адам қыз алып қашу дерегі бойынша тергеліп жатыр
istockphoto.com
Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді

16 қыркүйектен бастап елімізде Қылмыстық кодекске жаңа 125-1-бап – «Неке қиюға мәжбүрлеу» енгізілген болатын. Енді өзгені еркінен тыс некеге тұрғызу немесе алып қашу ауыр қылмыс ретінде қаралады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

ІІМ мәліметінше, бұл бап бойынша кінәлілер жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, ал ауыр жағдайларда жаза мерзімі 10 жылға дейін ұлғаяды.

Жаңа заң күшіне енгеннен бері Қарағанды, Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласында осындай фактілер бойынша 7 қылмыстық іс тіркелген. Тергеу барысында 15 күдікті ұсталып, олардың әрекеттеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазір полицейлер әр істің барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар