15 жастағы түркістандық қыздың ішінен 1 келі шаш шықты
- авторБақытжан Бекболат
- 18 ақпан, 2026
- 240
Түркістан қалалық балалар ауруханасында медицина тәжірибесінде сирек кездесетін әрі аса күрделі ота сәтті жүргізілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Он бес жастағы қыз бала шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Тексеру барысында асқазан қуысында ірі көлемді бөгде зат анықталған. Дәрігерлер шұғыл шешім қабылдап, күрделі хирургиялық ота жасады. Нәтижесінде науқастың асқазанынан салмағы 900 грамм болатын шаш түйіні алынды.
Ота екі сағат елу минутқа созылды. Хирургиялық бригада, анестезиологтар және орта медицина қызметкерлері бірлесе жұмыс істеп, отаны сәтті аяқтады. Қазіргі таңда науқастың жағдайы тұрақты, дәрігерлердің бақылауында.
Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайлар медицинада өте сирек кездеседі және дер кезінде көмек көрсетілмеген жағдайда ауыр асқынуларға алып келуі мүмкін.
Ұқсас жаңалықтар
Еліміз ЕАЭО аясында агроөнеркәсіп кешенін жаңғыртуды күшейтуде
- авторМағжан Орынбасар
- 30 наурыз, 2026
Сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады
- авторМағжан Орынбасар
- 30 наурыз, 2026






