2025 жылы Қазақстаннан Өзбекстанға 4,5 млн тонна астық экспортталды
Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 32%-ға немесе 1,09 млн тоннаға көп.
2025 жылы Қазақстан мен Өзбекстан арасында теміржол арқылы тасымалданған жүк көлемі 32,3 млн тоннаға жетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,45 млн тоннаға немесе 16%-ға артық.
Қазақстаннан Өзбекстанға бағытталған жалпы теміржол тасымалы 13 млн тоннаны құрап, бір жылда 8,5%-ға (1,02 млн тонна) өсті.
Соның ішінде қазақстандық астық экспорты ерекше өсім көрсетті. 2025 жылы Өзбекстанға 4,5 млн тонна астық жеткізіліп, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 32%-ға немесе 1,09 млн тоннаға көп.