Елімізде

2026 жылдан бастап жалақы мен зейнетақы өседі

Бұл туралы Қаржы министрлігі мәлімдеді

Қаржы министрлігі 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын ұсынды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Құжатқа сәйкес, келесі жылдан бастап негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің жаңа мөлшері бекітіледі:

Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4 325 теңге;

Ең төменгі жалақы (ЕТЖ) – 85 000 теңге;

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі – 35 596 теңге;

Ең төменгі зейнетақы – 69 049 теңге;

Ең төменгі күнкөріс деңгейі – 50 851 теңге.

2026 жылдан бастап жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін тағайындалатын зейнетақы төлемдері 10%-ға артады.

Сондай-ақ мемлекет міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударатын жарна мөлшері есептеу объектісінің 2%-ы болып белгіленбек.