Елімізде

«3,7 миллиард теңгеден астам шығын келтірген». Аса ірі алаяқтық жасады деген күдікті Ресейден экстрадицияланды

Ол Алматыдағы құрылыс компаниясында есепші болып жұмыс істеген

Аса ірі алаяқтық жасады деген күдікті Ресейден экстрадицияланды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Ресей Федерациясынан аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Өзбекстан азаматын экстрадициялады.

Қылмысқа қатысушылардың бірі сотталған, алайда ол қылмыс жасағаннан кейін жасырынған, сондықтан оған халықаралық іздеу жарияланды.