-30 градусқа дейін аяз күтіледі: Ертең елімізде ауа райы қандай болады
- авторБақытжан Бекболат
- Бүгін, 14:04
- 141
11–12 ақпан күндері Қазақстанның көптеген аймақтарында ауа температурасы күрт төмендеп, қатты аяз орнайды. Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнгі температура кей жерлерде 30 градус аязға дейін жетуі мүмкін, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
11 ақпанда Ақтөбе облысында түнгі ауа температурасы 20–25 градус аязға дейін төмендейді, ал облыстың солтүстігінде 28 градус аяз күтіледі. Қостанай облысында түнде 18–23 градус аяз болып, батыс аудандарында 26 градус аязға дейін суытады.
Солтүстік Қазақстан облысында 11 ақпанда түнде және күндіз 12–17 градус аяз байқалса, облыстың батысында 20 градус аязға дейін төмендейді. Ал 12 ақпанда түнгі температура 22–27 градус аязға жетіп, шығысында 30 градус аязға дейін күшейеді. Ұқсас жағдай Ақмола облысында да байқалады: 11 ақпанда 12–17 градус аяз, 12 ақпанда түнде 22–27, шығысында 30 градус аяз күтіледі.
Астана қаласында 11 ақпанда түнде және күндіз ауа температурасы 12–14 градус аязға дейін төмендейді. 12 ақпанда түнгі суық күшейіп, 22–24 градус аяз болады.
Павлодар облысында 11 ақпанда түнде және күндіз 5–10 градус аяз, облыстың шығысында 2 градус аяз күтіледі. 12 ақпанда түнде ауа температурасы 20–25 градус аязға дейін төмендеп, шығысында 28 градус аязға жетеді.
Ұлытау облысында 11 ақпанда түнде және күндіз 15–20 градус аяз байқалады, ал оңтүстігінде 12 градус аязға дейін төмендейді. Қарағанды облысында осы күні 10–15 градус аяз күтіліп, батысында 18, оңтүстігінде 5 градус аяз болады. 12 ақпанда түнде 22–27 градус аязға дейін төмендеп, солтүстік және шығыс бөлігінде 30 градус аязға жетуі мүмкін.
Оңтүстік өңірлерде де суықтың күшеюі байқалады. Қызылорда облысында 11 ақпанда түнде 10–15 градус аяз, шығысында 7 градус аяз, ал күндіз 5–10 градус аяз болады. Түркістан және Жамбыл облыстарында түнде және күндіз 3 градус аяз бен 2–3 градус жылылық аралығында сақталып, солтүстік және таулы аудандарында 5–10 градус аяз күтіледі.
12 ақпанда Абай облысында түнде ауа температурасы 18–23 градус аязға дейін төмендеп, оңтүстігінде 13 градус аяз болады. Шығыс Қазақстан облысында да осы күні түнде 17–22 градус аяз, оңтүстігінде 14 градус аяз күтіледі.





