сейсенбі, 2 шілде, 2024 20:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«4-қабаттың балконына ілініп қалған»: Астанада оқушы бес жасар баланы ерлікпен құтқарды

«4-қабаттың балконына ілініп қалған»: Астанада оқушы бес жасар баланы ерлікпен құтқарды
Сурет: видеодан скриншот
Батыр жігіттің есімі Ақан Әкімжанов

Астанадағы тұрғын үйлердің бірінде 5 жасар бала үйдің 4-ші қабатындағы темірге ілініп, құлап кете жаздады. Осы сәтте оны көрген Ақан Әкімжанов жедел әрекет етіп, баланы құтқарып алды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Оқиға туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде № 31 мектеп-гимназиясының 7”Д”сынып оқушысы Ақан Әкімжанов қайғылы жағдайдың алдын алды. 20 мамыр күні Ақан аулада ойнап жүргенде 4-ші қабатта балконда ілулі тұрған баланы байқап қалған. Ақан уақыт оздырмай бірден қимылдап, балконда ілініп тұрған 5 жасар баланы құтқарып алды», - деп жазады әкімдіктің сайты.

Ақан Әкімжанов - көпбалалы отбасынан шыққаны белгілі болды.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар