Елімізде

4 жасар қызды ит талап, мертіктіре жаздаған

Қарағандылық кішкентай қыз дәрігердің көмегіне жүгінді

Оқиға ойын алаңына жақын маңда болған. Иесі ағашқа байлап қойған ит өзін сипамақ болған кішкентай қыздың бет-аузын тістеп алған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

 «Патриот» басылымының хабарлауынша, қыздың бетін сегіз жерден тіккен. Иттің иесі баланы анасымен ауруханаға жеткізген.

Кейін полиция ит иесіне айыппұл салды.