Елімізде

+47 градус: Қазақстанда алдағы күндері аптап ыстық болады

Қазгидромет мамандарының мәліметіне сүйенсек, алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде қатты ыстық болады.

Күндізгі уақытта ауа температурасы +35 градусқа дейін көтерілмек, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ал 4–5 шілде күндері еліміздің орталығы мен шығысында +40...+42 градус, оңтүстігінде +35...+40, кей жерлерде +43...+47 градусқа дейін ысиды. Солтүстікте 5 шілдеде айтарлықтай салқындайды – күндіз +25 градустан аспайды.

Ыстық ауа райына қарамастан, оңтүстік аймақтарды қоспағанда, қалған өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Период ортасынан бастап солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс өңірлерде бұршақ аралас нөсер болжанған. Батыс пен оңтүстікте шаңды дауылмен бірге жел күшейеді.