Елімізде

“500 мың теңге”. Премьер-Министрдің елден қарызға ақша сұрап жүргені рас па

Әлеуметтік желіде таралған хабарламаға қатысты Үкіметтің баспасөз қызметі пікір білдірді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Әлеуметтік желіде Премьер-Министр Олжас Бектеновтың біреуден қарызға ақша сұрап жазған сөздерінің фотосы таралды. Онда Үкімет басшысы біреуден картасының аударым саны шектеулі болуына байланысты 500 мың теңге аудара бере тұруын өтініп, көп кешікпей қайтаратынын да жазған. Бірақ, аталған ақпараттың жалған екенін Үкіметтің баспасөз қызметі растады.