дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 16:47

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жемқорлықпен күрес - ортақ міндет

Жемқорлықпен күрес -  ортақ міндет
Сурет: Юрий Ким
Себебі жемқорлық - кез келген қоғамның дамуын тежейтін фактор

Осы мақсатта «AULIEATA-MEDIA» серіктестігінде «Сыбайлас жемқорлық – қоғамның өзекті мәселесі» тақырыбында жиын өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Кез келген мемлекеттің даму қарқынын баяулататын негізгі үш фактор бар десек, соның бірі – жемқорлық. «Бармақ басты, көз қыстының» кері барлық салаға шырпыдай тиіп, тірлігін тұралататыны анық. Сол үшін де сыбайлас жемқорлықпен күрес – әлемдегі барлық озық мемлекеттің негізі күн тәртібінен қалыс қалған емес. Біздің зайырлы қоғамда да аталған фактордың алдын алуға, оны тіптен болдырмауға, сондай-ақ, әр азаматқа түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жаппай ағартушылыққа басымдық берілуде.

Осы ретте «AULIEATA-MEDIA» серіктестігінде «Сыбайлас жемқорлық – қоғамның өзекті мәселесі» тақырыбында жиын өтті. Өңірлік медиахолдингтің Бас директоры Данияр Асқарұлының төрағалығымен өткен келелі кездесуге серіктестікке қарасты «JAMBYLINFO» ақпараттық агенттігі мен «Цифрлық контент ортылығы»-ның мамандары қатысты. 

Басқосу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың механизмін жүзеге асыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл әрекеттері түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау мәселелері талқыланды.

– Әріптестер, жемқорлық тақырыбы біздің шығармашылық ортаны айналып өтеді деген сенімдедім. Себебі, біздің салада туабітті талант пен қажырлы еңбек қана кез келген маманның мансаптық өсіміне жол ашады. Біз әрдайым мемлекеттік басқару жүйесіндегі меритократиялық принципті басшылыққа аламыз. Мен үшін қаламына адал маман – қоғамына да адал. «Газет – халықтың көзі, құлағы hәм тілі» демекші, ақпараттық ресурстарымыз бен қолда бар мүмкіншіліктерімізді пайдалана отырып, жемқорлыққа қарсы түсіндірме жұмыстарын жүргізе берейік, - деді Бас директор Д.Асқарұлы.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар