Елімізде

68 көлікті заңсыз тіркеп, мемлекетке жарты миллиард теңге шығын келтірген екі азамат ұсталды

Бұл істегі сыбайластардың бірі Көкшетау қалалық халыққа қызмет көрсету орталығының бұрынғы қызметкері болған

Ақмола облысында шетелден келген көліктерді заңсыз тіркеу схемасын ұйымдастырған екі адам мемлекетке жарты миллиард теңгеге жуық шығын келтірген, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, «Азаматтарға арналған үкіметтің» Көкшетау қалалық ХҚКО-ның бұрынғы маманымен алдын ала сөз байласып, екі азаматтың жалған төлем құжаттарын қолданып, алымдарды төлемей шетелден келген көліктерді жаппай бастапқы тіркеуді ұйымдастырған.

«Бұл істі ҚМА Ақмола облысы бойынша департаменті тергеді. Жалған төлем-есеп айырысу құжаттары арқылы 68 көліктің заңсыз тіркелгені анықталды. Бастапқы тіркеу үшін алым төлемеу түріндегі мемлекетке келтірілген шығын шамамен 449 млн теңгені құрады»,  - деп хабарланған баспасөз хабарламасында.