Елімізде

8 наурызда Қазақстанда 20 градусқа дейін күн жылынады

«Қазгидромет» 7,8,9 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Болжам бойынша, Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік шығысында жаңбыр жауады. Ел бойынша жел күшейеді.

Еліміздің оңтүстігінде ауа температурасы 20 градусқа дейін жылынады деген болжам бар. Батыс өңірлерде де күн жылынып, термометр 8 градусқа дейін көтерілсе, солтүстік өңірлерде температура -4 градусқа дейін суытады деген болжам бар.