жексенбі, 7 шілде, 2024 7:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

9 жасар қазақстандық Испаниядағы кәсіпқой футбол клубында жаттығады

9 жасар қазақстандық Испаниядағы кәсіпқой футбол клубында жаттығады
ашық дереккөзі
9 жасар қазақстандық Испаниядағы кәсіпқой футбол клубында жаттығады
Қазақстандық 9 жасар Назар Доля Испаниядағы Levante UD футбол клубында жаттығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайты.   Анасы Алма Ілиясованың айтуынша, Назар үш жасынан Орал қаласындағы FKU Орал (football Kids Uralsk) клубында тәжірибелі бапкер Болат Шалаевтың қоластында жаттықты.   «Әкесі Сергей Доля өткен жылы жазда Сочидегі лагерьге апарып еді. Сонда Испаниядан бапкерлер келіп, қараған кезде Назар бірден көзге түсіп, ұнаған. Сосын сертификат беріп, Валенсиядағы футбол академиясына қаралымға шақырды. Қаралымнан ойдағыдай өтіп, кәсіпқой футбол клубымен екі жылға келісімшарт жасасты. Жарты жыл Испанияда болып, бір ай демалысын Оралда, үйде өткізіп, қайтадан кетті. Өйткені келісімшарт бойынша жаттығуды қалдырмау керек. Қыркүйектің ортасынан бастап сол елдегі мектепке барады. Ұлыммен бірге әжесі Гүлжамал үнемі бірге. Мен өзім қазақпын, әкесі – украин, қарапайым көп отбасының біріміз», - деді А.Ілиясова.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар