Елімізде

Ақмола облысында болған жол апатынан жүргізуші жапа шеккен

Ер адам құтқарылып, жедел жәрдемге жеткізілген

Ақмола облысында жол-көлік оқиғасы орын алып, жүргізуші зардап шекті, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеп. 

Оқиға орнына шақырылған құтқарушылар дереу зақымдалған көліктен бір адамды шығаруға кіріскені хабарланды. Жедел-құтқару жұмыстарының нәтижесінде ер адам құтқарылып, жедел жәрдемге жеткізілді.