Ақмолада «рецидивист» жүргізуші сотталды

Бұл туралы прокуратура мәлім етті
Ақмола облысы Біржан сал ауданының соты Қылмыстық кодекстің 346-бабы 1-бөлігі бойынша көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, мас күйінде көлік жүргізген адамға қатысты үкім шығарды,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
2020 жылдан бастап аталған азамат осыған ұқсас қылмыстық құқық бұзушылық бойынша екі рет жауапқа тартылып, оған бас бостандығынан айыру түріндегі жазалар қолданғанына қарамастан, қайта мас күйінде автокөлікке отырып, айналадағы адамдарға қауіп төндірді.