Ақордада Болгария Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Ақордада Астанаға ресми сапармен келген Болгария Президенті Румен Радевті салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Мемлекеттер басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт берген соң екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.