Елімізде

Ақтөбеде қаланың қақ ортасындағы көшені су басты

Сазды өзеніндегі мұз көтеріліп, су қалаға кіргені анықталды

 

Бүгін таңертең Ақтөбе қаласындағы Сазды өзенінде мұз жиналып, су деңгейі көтеріліп кеткен, деп хабарлайды jambylinfo.kz. Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі оқиға орнынан түсірілген видео таратты. 

Бейнежазбада қаланың қақ ортасымен өтетін жолды мұз басып, су жан-жағына ағып жатқанын көруге болады. 

"Сейітов көшесіндегі автомобиль көпірі арқылы Керуен сити сауда үйі ауданындағы М. Мәметова көшесінің жол бөлігін су басты.  Қазір Төтенше жағдайлар қызметі, Ұлттық ұлан, 20982, 54179, 20238, 03878 әскери бөлімдерден 1000-ға жуық қызметкер мен 200-ге жуық техника оқиға орнында", - деп хабарлайды ТЖМ-ның баспасөз қызметі.