Қаңтар оқиғасы: Азаматты азаптаған тәртіп сақшасына үкім шығарылды
Қылмыстық істі Алматы қаласының арнайы прокурорлары тергеп-тексерді
Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қаңтар оқиғасы кезінде жеткізілген адамға азаптауды қолданғаны үшін кінәні мойындау туралы процестік келісімінің негізінде айыптау үкімін шығарды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қылмыстық істі Алматы қаласының арнайы прокурорлары тергеп-тексерді.
Прокурорлар 2022 жылғы 8 қаңтарда Алмалы ауданының Полиция басқармасында полиция қызметкерінің жеткізілген азаматты азаптағанын дәлелдеді.
Үкім заңды күшіне енді.