Ақтауда мерзімді әскери қызметші қайтыс болды
ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі мен Бас прокуратураның баспасөз қызметі Ақтау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде болған қайғылы жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жасады.
Ақтау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметші қайтыс болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Аталған дерек бойынша әскери-тергеу органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қазіргі таңда осы іс бойынша процессуалдық прокурор айқындалды.
Істің тергелу барысы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы тарапынан бақылауға алынды.
Сонымен қатар аталған жағдайға қатысты ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі де ресми мәлімдеме жасады.