Елімізде

Ақтауда жанып жатқан үйден 14 адам құтқарылды

Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттің таралуына жол берілмеді.

Ақтау қаласында 2 мамыр күні 31-шағынауданда орналасқан алты қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің жертөлесінде қоқыс жану оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Оқиға туралы хабарлама жедел қызметтерге түскеннен кейін, оқиға орнына ТЖМ күштері мен құралдары жедел түрде жіберілген. Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттің таралуына жол берілмеді.