Абай облысында жалған дипломмен басшы қызметін атқарған азамат анықталды
Бұл туралы прокуратура мәлімдеді
Абай облысында жалған дипломмен жұмысқа орналасқан «Семей орманы» МОТР қызметкерлері анықталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Деректерге сүйенсек, мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы жоғары оқу орындарын бітіргені туралы жалған дипломдармен жұмыс істеген Резерваттың 5 қызметкерлерін, оның ішінде бір филиал басшысын анықтады.
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеттің мәліметіне сәйкес аталған қызметкерлерге диплом берілмеген.