Елімізде

АЭС - энергетикалық тұрақтылық үшін қажет - Елдос Сметов

Бұл шешімнің ел экономикасына пайдасы орасан зор

Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Президент Жолдауында айтылған АЭС салу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қазіргі таңда энергия тапшылығының күшейіп бара жатқанын ескере отырып, атом энергетикасындамытуға баса мән беру керектігіне тоқталды. Ол ел болашағының қамы үшін салынатын атом электр стансасы туралы барынша байыпты шешім қабылдау жұртшылықпен бірлесіп қана жасалуы тиіс екендігін ескерткен еді. 

Маңызды бастаманы спортшы Елдос Сметов те қолдайтынын айтты.