Air Astana ұшқышы есірткіге мас күйінде Алматы әуежайында ұсталды
Компания оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады
23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек Әнуарбековті ұстады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Тергеушілердің мәліметінше, 31 жастағы ұшқыш мефедрон, яғни, есірткі шеккен. Air Astana баспасөз қызметі ақпаратты растады. 23 сәуірде Алматы әуежайында жолаушы ретінде ұшып бара жатып, олардың ұшқышы мас күйінде ұсталған.