жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:41

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Al Husseini Group Қазақстанда құс шаруашылығы саласында жобаны іске қосады

Al Husseini Group Қазақстанда құс шаруашылығы саласында жобаны іске қосады
АШМ
Бұл туралы АШМ мәлім етті

Бүгін Қазақстан–Иордания бизнес-форумы аясында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Иорданияның Al Husseini Group корпорациясы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Құжат агроөнеркәсіптік кешен саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға және кеңейтуге бағытталған. Аталған келісім аясында Қазақстан аумағында асыл тұқымды құс өсіретін репродуктор салу жобасы жүзеге асырылады.

Компанияның жоспарларына сәйкес, инвестиция көлемі 85 миллион АҚШ долларын құрайды. Al Husseini Group-тың Қазақстандағы жобалары елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашуға, озық технологияларды тартуға, сондай-ақ құс шаруашылығын дамытуға және қосылған құны жоғары өнім экспортын арттыруға серпін береді.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар